Басқару

Қазақстан 2015 жылдың алғашқы жартысында Вьетнам және ЕЕСҚ елдерімен еркін сауда аймағын құрады

Қазақстан 2015 жылдың бірінші жартысында Вьетнам және ЕЕСҚ елдерімен еркін сауда аймағын құрады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР ҰЭМ вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.
Астана қаласы20 Қаңтар , 16:38

30-дан астам ел еркін сауда аймағына енуге ықылас білдіріп отыр. Жалпы, бұл интеграциялық үдерісте  өте маңызды бағыт, себебі бұл біздің кәсіпкерлер үшін нарықты кеңейтеді. Қазіргі таңда белсенді түрде Вьетнаммен келіссөздер жүргізілуде.  Меніңше, бірінші жартыжылдықта келіссөздер аяқталады деген үміттеміз», - деді Т.Жақсылықов.

Оның айтуынша, Қазақстан Еуропалық еркін сауда  қауымдастық елдерімен келіссөздер жүргізуде, төрт ел оның құрамына кірмейді. «Сондай-ақ, Жаңа Зеландиямен де келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ,  Түркия, Үндістан, Израиль, Мысыр сынды елдер қауымдастық құрамына енуді қалайды. Сондай-ақ, Латын Америкасының 10 елі мүше болуға ықыластарын білдіріп отыр»,  - деді Жақсылықов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика