Басқару

Қазақстанда кәсіпорынды тіркеу мерзімі 1 сағатқа қысқарды – Жақсылықов

Қазақстанда кәсіпорынды тіркеу мерзімі 1 сағатқа қысқарып, қаулылық капитал туралы талаптың күші жойылды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.
Астана қаласы20 Қаңтар , 16:31

«Жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін құру мен тоқтату шарттарына келер болсақ, Заңмен кәсіпорынды тіркеу мерзімі 1 сағатқа қысқарып, 100 теңге көлеміндегі минималды қаулылық капитал туралы талаптың күші жойылды», - дейді ол.

Оның айтуынша, мөрдің болуы туралы міндетті талап алынып тасталды. «Оларды жабу процедурасы айтарлықтай қысқартылды. Ол кезде өз қызметін жауып жатқан салық төлеуші таңдау еркіндігіне ие болады – салық органдары тарапынан жабу тексерістерін жүргізу арқылы кәсібін жабу немесе аудиторлық ұйым қорытындысын жасау арқылы жабуға құқылы», - дейді.

Ведомство басшысының пікірінше, мемлекеттік органдармен қатынас кезінде азаматтардың негізсіз шығындарын алып тастау мақсатында 7 жылға дейін коммерциялық мақсатта пайдаланылмаған жеке автокөліктің техникалық тексеруі, құжаттардың нотариалды бекітілген көшірмесінің міндетті болуының күші жойылып, көлік құралын басқару кезінде сенімхат талап етілмейтін болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің шарттарын түбегейлі қысқарту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына Мемлекет басшысы 2014 жылдың 29 желтоқсанында қол қойған еді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика