Үкімет

Қазақстанда жеке кәсіпкерлік субъектілеріне талаптар 35%-ға қысқарды

Қазақстанда жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 5228 талаптың 1810-ы қысқартылды немесе жалпы көлемі 34,6%-ға азайды, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.
Астана қаласы20 Қаңтар , 16:19

«Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сарапшылық топпен бірлесіп, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексеруге жататын талаптарды қысқарту үшін талаптарға тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 5 228 талаптың ішінде 1 810 талап немесе талаптардың жалпы санының 34,6%-ы  қысқартылды», - деп сендірді Т. Жақсылықов.

Сонымен қатар, вице-министр, адами факторды болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін кезең-кезеңмен автоматтандыру қажет екенін атап өтті.

«Жоспарлы тексерулер осы жылы жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын субъектілерге ғана қатысты және 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана жүргізіледі. Жалпы, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіпкерлерге қатысты заңды және жеке тұлғалардың шағымдары мен өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер  жүргізуге болады. Негізі екінші жартыжылдықтан бастап ТБЖ негізіндегі тексерулер олар әзірленетін салаларда ғана және «әлеуетті бұзушыларға» қатысты ғана жүргізілетін  болады, - деп түйді вице-министр.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика