Евразиялық одақ

Әлемдік экономикадағы өзгерістер кезінде ЕАЭО әлеуетін қолдану керек

Әлемдік экономикадағы өзгерістер кезінде ЕАЭО әлеуетін қолдану керек, дейді РҒА мүшесі, РҒА ХЭХҚИ дирекциясының мүшесі Геннадий Чуфрин.
Астана қаласы20 Қаңтар , 16:17

«Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты алдымыздан үлкен мүкіндіктер ашылып отыр. Аталған одақтың айтарлықтай мол әлеуеті бар екені анық», - деді Геннадий Чуфрин «Жаһандық сынақтар уақыты: жаңа қатерлер» тақырыбымен өткен дөңгелек үстелде.

Ол ЕАЭО, Кедендік одақ аясындағы өзара әрекеттерді айта келіп, біздің елдермен ынтымақтастыққа талпынатын елдермен жедел экономикалық ынтымақтастықты дамытуды кешіктірмеу керектігін мәлімдеді.

Сарапшының пікірінше, Еуразиялық өңір елдерінің ешқайсысы кері ықпалдарға түспейтінін үлкен сеніммен айтуға болады.

«Осы уақытта ЕАЭО айтарлықтай саяси және экономикалық артықшылықтарға ие болып отыр», - дейді академик.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика