Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту мемлекетшілдік сананы жетілдіреді – Ж.Артықбаев (Видео)

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту мемлекетшілдік сананы жетілдіреді, деп мәлімдеді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев.
Астана қаласы 20 Қаңтар, 16:05

«Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту халық үшін айтулы оқиға. Экономикалық тұрғыда үлкен белестерге жеткен елімізде қазіргі таңда рухани салалар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Экономикалық даму қарқынымызды сақтай отырып, мемлекеттілігіміздің тұтастығын қамтамасыз ету халықтың сәйкестігіне де байланысты. Осы орайда халықтың тарихи сананы сіңіруі үлкен маңызға ие», - дейді ғалым.

Оның айтуынша, ғылыми орта қазіргі таңда Қазақ хандығының 550 жылдығымен байланыстыра үлкен жұмыстар атқаруда.

«Жалпы, осы атаулы датаны атап өту бір жағынан мемлекетшілдік сананы жетілдіруге түрткі болса, екінші  жағынан тарих ғылымдарының жаңаша сипатта дамуына жол ашпақ», - деп түйіндеді өз сөзін тарихшы.  

Бауыржан Мұқанов 





Яндекс.Метрика