Адами капитал

2015 жылдың сәуіріне дейін бақылаушы мемлекеттік органдарда тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа Әдістемесі әзірленеді - ҰЭМ

2015 жылғы сәуірге дейін бақылаушы мемлекеттік органдарда тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа Әдістемесі әзірленіп, Президент Әкімшілігіне енгізілетін болады, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов ОКҚ-де өткен брифингте.
Астана қаласы20 Қаңтар , 15:47

«Мемлекет басшысының 2014 жылдың 27 ақпанындағы № 757 «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мақсатында бірегей шаралар қолдану туралы» Жарлығын одан ары жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың сәуіріне дейін бақылаушы мемлекеттік органдарда тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа Әдістемесі әзірленіп, Президент Әкімшілігіне енгізілетін болады сәйкес. Әдістеме жобасын мүдделі тұрғалар, мемлекеттік орган өкілдері мен ҰКП жасақтады», - деп мәлімдеді ол.

Жақсылықов атап өткендей, тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың Әдістемесі негіздемелік сипатқа ие және  әрбір мемлекеттік бақылау-қадағалау органының ведомстволық тәуекелдерді басқару жүйелерін әзірлеуі үшін негіз болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет шарттарын түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сарапшылық топпен бірлесіп, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексеруге жататын талаптарды қысқарту үшін талаптарға тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 5 228 талаптың ішінде 1 810 талап немесе талаптардың жалпы санының 34,6%-ы  қысқартылды.

Айта кетерлік жайт, Кәсіпкерлік  қызметті түбегейлі  жақсарту мәселелер  жөніндегі Заңның қолданысы  инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалға оң әсер етеді,  бизнеске әкімшілік  жүктеменің төмендеуіне әкеледі және  қазақстандық экономикалық бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға ықпал ететін болады.




Яндекс.Метрика