Өңірлер

Астананың республикалық көлемдегі үлесі 9,8% құрады

Республикалық көлемдегі Астананың үлесі 9,8% құрады, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.
Астана қаласы20 Қаңтар , 20:07

«2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 644133,6 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 12,6%-ға жоғары», - делінген хабарламада.

Инвестициялардың көп үлесі жеке меншіктегі кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 55,2%-ын құрайды.

Қаржыландыру көзінің бөлінісінде мемлекеттік бюджеттік каражаттар 32,8%-ды, кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражаттары 52,1%-ды, банк кредиттері 4%-ды, басқа қарыз қаражаттары 11,1%-ды құрайды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика