Өңірлер

ШҚО-да шетелдік туристердің саны 9 пайызға артты

ШҚО шетелге шығып демалушы отандық туристер 7322 адамға азайып, аймаққа келіп демалушы отандық және шетелдік туристер саны 162833 адамға артқан. Бұл туралы ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ержан Сембинов мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан20 Қаңтар , 19:52

Е. Сембиновтың айтуынша, 2014 жылы ШҚО туризм саласында тіркелген 300 нысанда 3,2 млрд. теңгенің қызметі көрсетіліп, бұл көрсеткіш жергілікті бюджеттің 1,3 % құраған.

«Осы орайда, 2014 жылы шетелге демалушы туристер 7322 адамға азайып (37,8 %), сондай-ақ аймаққа келіп демалушылар 162833 адамға (9,0 %) артып отыр. Бұл көрсеткіш аймағымыздағы демалыс орындарындағы сервис қызметінің сапасының артып отырғанын көрсетеді», - деді Е. Сембинов.

 




Яндекс.Метрика