Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

200-ден астам жобаны қаржыландыруға 9,9 млрд теңге бөлінді

2003-2009 жылдар аралығында шамамен 180 инновациялық жобаға қолдау көрсетіліп, 2010 жылы 577 компанияға мемлекеттік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігі.
Казахстан20 Қаңтар , 19:07

2010 жылы 8 технопарктен, 4 конструкциялық бюродан, 21 коммерциялау кеңсесі мен 5 өңірлік коммерциялау кеңселерінен, 2 халықаралық технологияны трансферттеу орталығынан тұратын тиімді инновациялық инфрақұрылым құрылды. 2010-2014 жылдары инновациялық грант бойынша 1400 өтінім қаралып, қаржыландырылу үшін жалпы құны 9,9 млрд теңге болатын 227 жоба мақұлданды.

Осылайша, инновациялық гранттар, қызметтер, технологиялық бизнес инкубациялары, жобалық және еншілес  қаржыландыру, коммерциялау кеңсесі қызметтерін қамтитын инновацияны қолдау құралдары жүйесі жолға қойылған. Айта кету керек, кәсіпорындардың инновациялық белсенділіктері 4%-ға  артқан.

2011-2013 жылдары коммерциялау кеңселері қызметтерін көрсету аясында сарапшылар 122 тұжырымдама негіздерін дайындады. Солардың ішінде 56 жоба ары қарай технологияны коммерциялау үшін іріктеліп алынды. 




Яндекс.Метрика