«Әлемдік экономикадағы өзгертулер 2007-2009 жылдарғы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысының жалғасы болып табылады. Алғашқы кемшілік «әлемдік нарықтарды бір орталықтан реттеу мүмкіншілігінің болмауы». Екіншіден, - нақты экономика секторымен салыстырғанда қаржы секторының алдын ала дамуы, нәтижесінде қаржы өндіріске емес, әлемдің қаржы нарығында алыпсатарлыққа кетіп қалады», - деді Л.Музапарова.
Сондай-ақ, шикізат бағасының қалыптасуы мен инвестициялық талаптардың бұрмалануы жаһандық жүенің проблемасына айналып отыр. « Халықаралық сауданың биржалық айналымының өсуі, шикізат бағасы өз бағасынан біраз айырмашылыққа ие болды. Шикізат бағасы әлемдік қаржы нарықтарындағы ақша құнына тәуелді болды», - деді ҚЗИ директорының орынбасары.
Сонымен қатар, Л.Музапарованың айтуынша, әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың тағы бір себебі шаруашылықтағы субъектілер мен дамыған елдердің үй шаруашылығы саласында несиенің көптігі. Қазіргі таңда көптеген дамыған елдерде мемлекеттік қарыз жағдайы шиеленісіп кетті.
Камила Амирова