ҚР ИИДМБ

2014 жылы СҚО-да өндірістік өнім көлемі 160 млрд теңгені құрады

Солтүстік Қазақстан облысында 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өндірістік өнім көлемі 159,6 млрд теңгені құрады, ол 2013 жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 3,5 пайызға жоғары, деп хабарлады облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен кеңесте статистика департаментінің жетекшісі Марал Нұржаупова.
Солтүстік Қазақстан20 Қаңтар , 18:07

Оның айтуынша, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айында негізгі капиталға  115,1 млрд теңге инвестиция құйылды. «Өсім 108,7 пайызды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен анағұрлым жоғары», - деді ол.

Әкімдікте хабарлағандай, аймақ басшысы 3 апта ішінде әрбір өндірістік нысанның әлеуетін анықтап, өндірісті өсіру шаралары бойынша жоспар дайындауды тапсырды.

«Бізде қор бар. Бизнестің әртбір өкілімен кездесіп, кәсміпкерлер слетін өткізу қажет», - деді Е.Сұлтанов.




Яндекс.Метрика