Өңірлер

Сарапшылар ұзақ уақыт бойы мұнайдың төмен бағасы сақталады деп болжауда

Төмен мұнай бағасы кем дегенде бір жыл сақталады, деп мәлімдеді дөңгелек үстел барысында ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов.
Астана қаласы20 Қаңтар , 14:12

«Менің ойымша бағаның бұдан әрі төмендеуін күтудің қажеті жоқ. Мұнай бағасы бір жылда орташа есеппен 50 доллар шамасында сақталады», - деп есептейді В. Додонов.

Сарапшының болжауынша, төмен мұнай бағасы ұзақ сақталады - кем дегенде бір жыл. «Мұнай проблемаларының өзгеде салаларға әсер етуі көбіне қаржы секторына қатысты болады»,- деп толықтырды ол.

Бүгінде Қазақстанда экономикаға кері әсерін тигізетін жағдайларды алдын-алу шаралары қарастырылған. «Олардың негізгі екі бағыты бар: экономиканы ынталандыру, яғни «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» Жолдауында атап көрестілген шаралар. Қосымша бюджет қаржысын үнемдеу», - деді  В.Додонов дөңгелек үстелде.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика