Экономика

Әлемдік экономиканың нашарлауы ЖІӨ өсімінің бәсеңдеуіне байланысты – ҚСЗИ

Әлемдік экономиканың нашарлауы ЖІӨ өсімінің бәсеңдеуімен байланысты, деді дөңгелек үстел барысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Лейла Мұзапарова.
Астана қаласы20 Қаңтар , 13:33

«2014 жылы әлемнің бірқатар ірі экономикаларында техникалық рецессия байқалды, яғни қатарынан екі тоқсан жалпы ішкі өнім төмендеген. Мұндай жағдай Жапония мен Бразилияда орын алды. Ал 2015 жылы Еуропа одағы мен Ресей экономикасында бәсеңдеушілік болады  деп болжанып отыр», - деді Л.Музапарова.

ҚСЗИ директорының орынбасары атап өткендей, болжам бойынша әлемдік экономикадағы жағдай ағымдағы жылы және жақын болашақта нашарлай түседі. «Бұған соңғы уақытта әлемдік экономикада қалыптасқан екі негізгі теріс тенденция ықпал етеді. Біріншіден, әлемнің басты экономикаларында жалпы ішкі өнім өсімінің қарқыны төмендеді, екінші тауарлық-қаржылық нарықтарда жағдай нашарлады», - деді ол.

Қазақстан Үкіметі ішкі және сыртқы факторларға үнемі мониторинг жасап отыр. Сондай-ақ, Үкімет экономикалық жағдайға байланысты әсер ету жоспарлары  мен кестелерін дайындады.

«Әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағдайды ескере отырып Мемлекет басшысы бұл жоспардың жұмыс істейтіндігін айтты, себебі елде қор бар. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты экономиканың ішкі факторына әсер ету механизмі болып есептеледі», - деді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика