Адамзаттық капитал

2014 жылы Ақтау қаласында 300 жас отбасы пәтерге ие болды

Ақтау қаласының әкімдігінде қала әкімі Еділ Жаңбыршиннің 2015 жылдың қаңтар айына арналған тұңғыш қабылдауы өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Маңғыстау20 Қаңтар , 18:52

«Қабылдауға алдын-ала тіркелген 22 азаматтың 20-сы қатысып, қала әкіміне сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ, «Құрметті Азамат» белгісін тағайындау мәселелері де талқыланды», - делінген хабарламада.

Қабылдауда болған азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесі – мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспана жайы, сондай-ақ, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жас отбасыларға арналған тұрғын үй туралы сұрақтарын қойды.

«Тұрғын үй мәселесі облыс және қала әкімдіктерінің күн тәртібінде тұр. Әкімдік пен басқа да құзырлы мекемелер тарапынан қала аумағындағы бірқатар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылып, оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер салу жоспарланған. Ақтауда «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы 300 жас отбасы баспаналы болды. Жуық арада тағы да 120 жас отбасы пәтер кілттерін алатын болады. Бағдарламаның басқа да бағыттары бойынша үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Олардың басым бөлігін  биыл беру жоспарланып отыр», - деді қала басшысы.




Дерекнама

Яндекс.Метрика