Мәдениетті жаңғырту

Аягөз қаласының мұражайына тарихи құнды экспонаттар тапсырылды

«Семей облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалының қоры, тағыда құнды экспонаттармен толыға түсуде, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.
Шығыс Қазақстан20 Қаңтар , 20:59

Ұлы Абайдың шөбересі Азат Архамұлы Ысқақов №2 қазақ орта мектебінде (қазіргі Д.Бабатайұлы атындағы) 40 жылдай ұстаз болған. 1987 жылы осы мектеп ішінен Абай мен Мұхтарға арнап мұражай ашқан. Осы мұражайды 1995 жылдан бері жалғастырып келе жатқан, ардагер ұстаз Исабаева Таңсық Орнақашқызының еңбегі зор. Қазіргі уақытта Таңсық Орнақашқызы зейнеткерлікке шыққандықтан, осы қалған тарихи экспонаттарды аудандық мұражай филиалының меңгерушісі Аңсаған Мұқаметқалиқызына өз қолымен әкеліп тапсырды.

 «Ұлы Абай, Уәйіс Шондыбайұлы тұсындағы қазақы домбыра, тоғыз құмалақ, ағаш тостаған, ХІХ ғасырдағы кіржамбал, көне фото-шежірелер, портреттер, фото-альбомдар т.б. құнды экспонаттар мұражай қорына қабылданды», - делінген хабарламада.




Дерекнама

Яндекс.Метрика