Инфрақұрылымның дамуы

Астанада құрылыс жұмыстарының 77 пайызы мердігерлік ұйымдармен орындалды

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда Астананың кәсіпорындары мен ұйымдары 397075,8 млн. теңгенің мердігерлік жұмыстарын орындады, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.
Астана қаласы20 Қаңтар , 15:04

Құрылыс жұмыстарының  басым бөлігі 77%-ы жеке меншіктегі мердігерлік ұйымдармен, мемлекеттік меншіктегі - 0,1%, жалпы көлемнің 22,9%-ы шетелдік мердігерлермен орындалды.

Мердігерлік жұмыстардың жалпы көлемінің 38%-ы жұмысшылар саны 50 адамға дейінгі шағын ұйымдарымен,  27,2%-ы жұмысшылар саны 51 адамнан 250 адамға дейінгі орташа құрылыс ұйымдарымен және 34,8%-ы жұмысшылар саны 250 адамнан асатын ірі кәсіпорындармен орындалған. Мердігерлік жұмыстар құрылымында жалпы көлемнің 98,5%-ы - құрылыс-монтаж жұмыстарына, 1%-ы күрделі жөндеу жұмыстарына, 0,5%-ы ағымдағы жөндеу жұмыстарына келеді.

 




Яндекс.Метрика