Өңірлер

Семейде мүлікті жария ету мәселесі бойынша 2 мың адам көмекке жүгінді

Семей қаласының әкімдігіне 2015 жылғы 19 қаңтарына 2 882 адам мүлікті жария ету мәселесі бойынша өтініш білдірді, деп хабарлады әкімдік.
Шығыс Қазақстан20 Қаңтар , 17:53

«Берілген өтініштердің  ішінде: жер телімдерін заңдастыруға 627; өз еркімен салынған үйлерді заңдастыруға 925; пәтерлерді, жатақханадағы бөлмелерді заңдастыруға 265; металл және күрделі көлікжайларды заңдастыруға 365; саяжай жер телімдерін заңдастыруға 362; жапсаржайларды заңдастыруға 144; өзге мүлікті заңдастыруға 194 адам ниет білдірді», - делінген хабарламада.

2015 жылғы 19 қаңтарына Семей қаласының әкімдігімен мүлікті жария етуге 78 өтініш қабылданды. Олардың 44 бойынша оңды, 25 бойынша бас тарту туралы шешім қабылданды. 8 өтініш белгіленген мерзім ішінде мүлікті жария ету жөніндегі комиссия отырысына қарау үшін енгізілетін болады, 1 өтініш құжаттар тізімін толықтыру үшін қайтарылды.

Өтініш білдірген барлық азаматтар аталмыш мәселе бойынша кеңес алып, қажетті құжаттар пакетін алуға жіберіледі.     

Семей қаласы әкімдігінің мүлікті жария ету жөніндегі комиссия құзыретіне басқа тұлғаға ресімделген, ҚР заңнамасына сәйкес, құқығын немесе мәмілесін мемлекеттік тіркеуді талап ететін жылжымайтын мүлік пен ҚР аумағында орналасқан, құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ орналасқан жер телімінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, заңдастыру субъектісінің меншік құқығында иелігінде тұрған ғимараттар (құрылыстар мен имараттар) кіреді.

Өтініш 30 күн ішінде қаралады және мүлікті заңдастыру немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Заңдастырылған мүлік туралы мәлімет тізілімге енгізіледі, заңдастыру туралы шешім шығарылған күннен бастап мүлік заңдастырылған болып саналады. 

 




Яндекс.Метрика