Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Бас прокуратура жаңа қылмыстық заңнаманың қолданылуына тексерісті бастады

Бас прокуратура Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін енгізу жағдайында материалдар мен қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдау барысында жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге көшу жөніндегі ережелерді сақтау бойынша қабылданып отырған шаралардың заңдылығы, толықтығы және уақтылығына тексерісті бастады, деп хабарлады ведомство.
Казахстан20 Қаңтар , 11:19

Бас прокуратураның жұмысшы топтары жаңа құқықтық актілерді қолданудың проблемалық мәселелерін анықтау, жаңа жағдайдағы құқықтық жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдау мақсатында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарының құқық қорғау және арнайы органдарын тексеруге кірісті.

Тексеріс нәтижелері Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында талданатын болады.

 




Яндекс.Метрика