Өңірлер

Әуе қорғаныс күштерінің бөлімдері мен құрамаларында әскери дайындықты тексеру басталды (ФОТО)

ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің Үшарал және Алматы гарнизонында ӘҚК бас қолбасшысы авиацияның генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтың басшылығымен жоспарлы тексерістер басталды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 20 Қаңтар, 12:51

«Шараның негізгі мақсаты - ол әскери дайындықты жан-жақты тексеру, әскери бөлімдердің әскери тапсырманы орындауға деген дайындығын, олардың арасындағы ауызбіршілікті сынау», - деді авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов.

Әскери бөлімдер әскери кезекшілікті өтеу, әскери дайындық, метериалдық техникалық база және жедел дайындық бойынша тексерілді.

Жалпы, ӘҚК бас қолбасшысы авиацияның генерал-майоры  Нұрлан  Орманбетов бастаған комиссия Алматы гарнизонын тексерістен өткізді.

«Бүгінде комиссия өзінің жұмыс сапарымен Үшарал гарнизонына барады және олардың әскери, дайындығын, әскери бөлімдердің әскери тапсырманы орындауға деген дайындығын бағалайтын болады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, жоспарлы тексеріс апта соңына дейін жалғасатын болады. Ол аяқталған соң әдістемелік ұсыныстар беріледі.





Дерекнама

Яндекс.Метрика