Өңірлер

Ақтөбедегі жұмыс орындар жәрмеңкесінде 53 бос жұмыс орны ұсынылды

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе20 Қаңтар , 13:06

«Ақтөбе қаласының жұмыспен  қамту орталығы және «Ерсін» жеке кадр агенттігінің ұйымдастыруымен жұмыссыз,  өзін-өзі жұмыспен қамтитын, аз қамтылған азаматтарға арналған бос жұмыс  орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Жәрмеңкеге 17 жұмыс беруші 53 орынға өтінім берді. Жәрмеңкеге барлығы 160 адам жолықты. Соның ішінде тұрақты жұмыс орнына 67 адам жолдама алды.

 

 




Яндекс.Метрика