Ұлтаралық бірлік

Қызылорда облысында этносаралық келісім мен татулықтың қазақстандық үлгісі талқыланды (Фото)

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылорда облыстық хатшылығы мен Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы «Қазақстан халқы Ассамблеясы: этносаралық келісім мен татулықтың қазақстандық үлгісі» атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда 20 Қаңтар, 12:19

Дөңгелек үстел жұмысына өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылары, этномәдени бірлестіктердің басшылары, зерттеу орталықтарының мамандары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен студент жастар қатысты.

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің   «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының аға оқытушысы Сыдықова Жайна Темірбекқызы, Қызылорда қазақ гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің оқытушысы С.Мұсабекова  жастарды толеранттылыққа тәрбиелеу,  жастар арасында этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді насихаттау мәселелеріне айрықша назар аударды.

«Ауқымды шараның тақырыбы бойынша Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығының төрайымы Ә.Әбдіхалықова, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің І-ші хатшысы Т.Телеубаев, «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Сабанбаев, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы Н.Мұсаева ұтымды ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстелді қоғамдық келісім орталығының директоры Р.Қ.Ахметова  жүргізіп, қорытындылады», - делінген хабарламада.

 

 





Яндекс.Метрика