Мәдениетті жаңғырту

Шымкенттік жасотандықтар Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне көмек көрсетуде

«Жас Отан» жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті, деп хабарлады «Нұр Отан».
Оңтүстік Қазақстан20 Қаңтар , 10:51

««Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан Соғысы ардагерлері Мылтықбаев Айтбек Ысмайылұлы және Мұсаев Исрафил Мұратұлының үйіне барып үй шаруасында көмек көрсетіп, батыр аталардың жағдайымен танысты», - делінген хабарламада.

Батыр ардагерлерiмiз соғыс кезiндегi жеңiстерi мен жеңiлiстерi туралы естелiктерiн бөлісті. Тек қана соғыс кезіндегі естеліктері жайлы емес, өздерiнiң жеңiстен кейiнгi өмiрі, жанұялары жайында, соғыстан кейінгі қираған ел экономикасын  көтеру бағытында атқарған жұмыстарымен бөлісті.

1925 жылдың 15-ші мамырда Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Диқан жолы телiмiнде дүниеге келген Мылтықбаев Айтбек Ысмайылұлы соғыста көрсеткен ерлігі III дәрежелi «Ұлы Отан соғысы», III дәрежелi «Даңқ» ордендерiмен, «Ерлiгi үшiн» медальмен және мерейтойлық 7 медальмен марапатталған. Қазіргі уақытта 8 баласы, 14 немересi, 30 шөбересі бар. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика