Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда ИИДМБ аясында 30 мың км жолды жөндеу жоспарланған

Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 30 мың км жолды жөндеуден өткізу жоспарланған, деп хабарлады ҚР ИДМ.
Казахстан20 Қаңтар , 12:04

Сонымен, 8 445 км  созылған «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының құрылысы соңына таяп қалды, Оның ішінде Қазақстан бойынша 2 787 км (Қытай - 3 425 мен Ресей - 2 233 км).

«Жоба жүзеге асырыла бастаған кезден 1727 км жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, ағымдағы жылдың соңына дейін 157 км жолдың құрылысын аяқтау және Шымкенттен Ресей Федерациясының шекарасына дейін қозғалысты ашу көзделген», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, Елбасының тапсырмасымен өткен жылы 3 бағыттағы жолдың құрылысы басталды, олар: Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс. Еліміздің орталығы арқылы өтіп жатқан аталмыш дәліздер барлық халықаралық бағыттын жұмысын жандандырады. Дәлірек айтсақ, 4 мың км автожол салынып, күрделі жөндеуден өтеді, осы ретте 1 техникалық санаттағы 4 жолақты қозғалысқа автожолдың 2 мың км ауыстырылады.

Жалпы, аталмыш жобаларды жүзеге асыру автомобиль көлігі арқылы жүк айналымын 2020 жылға дейін 1,5 есе арттыруға мүмкіндік береді (2013 ж - 1,56 млн тонн, 2009 ж - 0,72 млн тонн).

Сонымен қатар, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылысы саланың маңызды міндеттерінің бірі. Жоба мақұлданған, ұзақтығы - 65,5 км.

Бұдан басқа, 2020 жылға дейін еліміздегі барлық  18 әуежайға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, 2020 жылға дейін қосымша 75 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады және олардың жалпы саны 128 халықаралық әуе бағытына жеткізіледі (2014 ж - 8,  2015ж. - 9, 2016ж - 7, 2017 ж - 6).




Дерекнама

Яндекс.Метрика