Адамзаттық капитал

ОҚО-да кәсіпорынның 80-ге жуық қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпорынының 80-ге жуық қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Южно-Казахстанская область20 Қаңтар , 10:36

«Кәсіпорынның 78 қызметкерінің конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында Сарыағаш аудандық прокуратурасымен «Облыстық «Сарыағаш» балалар шипажайы» МКҚК-ның бас дәрігері атына ұсыныс енгізіліп, қарау нәтижесімен 78 қызметкерге 6 771 209 теңге мөлшерінде жалақылары толық көлемінде төленіп конституциялық құқықтары қорғалды», - делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарының сақталуына және мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізген болатын.

Тексеріс барысында кәсіпорындармен 2014 жылдың қараша-желтоқсан айларына 78 қызметкеріне жалпы сомасы  6 771 209 теңге мөлшерінде жалақылары бойынша берешек туындағаны анықталды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика