Адамзаттық капитал

Павлодар облысында «Қамқорлық» республикалық акциясы басталды

2015 жылғы қаңтардың 15-і мен ақпанның 15-і аралығында облыста республикалық дәстүрлі «Қамқорлық» акциясы өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар20 Қаңтар , 10:21

Акция мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету.

Қайырымдылық шарасының басты міндеті - мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына жағдай туғызған себептерді анықтау, дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеуді алдын алу, сондай-ақ материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатқан балалардың өмір сапасын жақсарту, жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту.

Акция шеңберінде қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ата-аналар және бұқаралық ақпарат құралдар қатысуымен рейдтер жүреді. Сонымен қатар, олар дәлелсіз себептермен мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балаларды анықтау үшін мектептерге бекітілген шағын учаскелердегі үйлерді аралайды.

Әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттағы балаларға, оның ішінде жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан материалдық көмек көрсету бойынша да шаралар өтеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика