Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

БҚО-ның Зеленовский ауданында 2014 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 2,7%-ға артты

Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданында 2014 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға артып, 149,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Батыс Қазақстан20 Қаңтар , 10:06

Хабарламада айтылғандай, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 46,8 млрд теңгеге жетті. Аудан бюджеті 5 035 млн теңгеге жақындап, соның ішінде салық түсімдері 1 173,9 млн теңгені, өзге де түсімдер 85,3 млн теңгені құрады.

«Ауыл шаруашылығындағы  жетістіктер агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік саясаттың мақсатты жүзеге асырылуы мен атқарылып жатқан бағдарламаларды қаржылық қолдау арқасында жүзеге асты. Жергілікті тауар өндірушілерге 2014 жылы 806 млн теңге субсидия беріліп, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 363,4 млн теңге несие қаражаты тартылды», - делінген хабарламада.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 34 дана ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Малдың қысқы азығын дайындау жұмыстары да ойдағыдай өтті. Жалпы көлемі 94,2 мың тонна жем-шөп дайындалды, деп хабарлайды әкімдік.

Сонымен қатар, 2014 жылы салалық «Агробизнес-2020» республикалық бағдарламасы аясында жалпы құны 323 млн теңге болатын 17 жобаның 12-сі жүзеге асырылды.

Соның ішінде бау-бақша шаруашылығында тамшылатып суару жүйесі құрылғысын орнату, күнбағыс және жем-шөп шаруашылығы өндірісі, асыл тұқымды мал шаруашылығы мен бордақылау алаңын салу бойынша екі жоба бар. Қалған 5 жоба биыл іске асырылмақ. Атап айтар болсақ, олар: жем-шөп өндірісі, сүт-тауарлы фермасы, құс фабрикасы мен жүн өңдеу цехы жобалары», - деп хабарлайды әкімдік.




Дерекнама

Яндекс.Метрика