Инфрақұрылымның дамуы

ШҚО-да 140 орындық балабақша ашылды

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауылында 2 қабатты «Ертөстік» балабақшасы ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан20 Қаңтар , 09:51

140 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесі заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мекемеде кезекте тұрған  2-ден 6 жасқа дейінгі 90 бала тәрбиеленеді.

Сондай-ақ, әкімдікте нақтылап өткендей, 36 адам жұмыспен қамтылды. Балабақшада тәрбие беру мен білім беру мемлекеттік тілде жүргізіледі.

 




Яндекс.Метрика