Инфрақұрылымның дамуы

2015 жылы БҚО-да 9 тұрғын үй салынады

БҚО-да Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі желісімен 450 пәтерлік 4 тұрғын үй салу жоспарланған, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Батыс Қазақстан20 Қаңтар , 09:36

«Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі желісімен 450 пәтерлік 4 тұрғын үй салу жоспарланған. Оның жалпы ауданы 29,549 мың шаршы метрді құрайды. Осы үйлердің 360 пәтерлік 3 үйі жас отбасыларға арналса, жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға төртінші үй берілмек. Ондағы пәтерлер саны тиісінше 180-ді құрайды», - делінген хабарламада.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ желісімен Орал қаласында 1160 пәтерлік 5 тұрғын үй мен ауылдық елді мекендерде жалпы ауданы 5,727 мың шаршы метрді құрайтын 76 пәтер салынбақ.

Сонымен қатар, басқарманың хабарлауынша, білім беру саласында Дерқұл ауылында 600 орындық мектеп құрылысы мен Шыңғырлау ауылында 290 орындық балабақша құрылысы күн тәртібіне қойылған.

Бұдан бөлек тағы екі мектептің құрылысына, атап айтар болсақ, Зашағын ауылында 1200 орындық мектеп пен Орал қаласындағы мектеп құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді. Оған жалпы көлемі 1 052,3 млн теңге бөлінсе, Жаңғала ауданы Жаңғала ауылындағы 100 орындық интернатқа 631,6 млн теңге бөлінді. Жалпы, 2015 жылы білім беру саласына бөлінген қаражат көлемі 2 383 млн теңге.

Денсаулық сақтау саласына келер болсақ, Орал қаласында 150 орындық балаларды оңалту орталығы құрылысына 300 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, 300 орындық қалалық көппрофильді аурухананың құрылысын аяқтауға 2 598,3 млн теңге бөлінді. Жалпы, 2015 жылы денсаулық сақтау саласына 2 898,3 млн теңге бөлінді.

Айта кету керек, туризм мен спорт саласында Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын салу жоспарланған. 2015 жылдың қаражат жоспары 50 млн теңге. Республикалық бюджет есебінен 2015 жылы елді мекендерде 18 сумен қамту нысаны құрылысы жоспарланған. Осы мақсатқа бөлінген қаражат  - 3 027,2 млн теңге.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика