Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылы Қостанай облысының ХҚКО-лары 1,2 млн мемлекеттік кызмет көрсетті

Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1 295 800 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,7% жоғары, деп хабарлады аймақтың әкімдігі.
Қостанай20 Қаңтар , 09:21

2014 жылы электронды форматта көрсетілген қызмет жоғарғы сұранысқа ие болды -75,5%. Күнен күнге тұрғындар мемелекеттік қызметтерді өздігінше  алғанды жөн көреді. Осылайша, 129 909 саны өздігінше қызмет алып, 180 мың  кеңес алды.

«Сондай-ақ ХҚКО келушілері салық пен айыппұлдарды «Электронды үкімет» порталынан төлегенді жөн көреді. Арқалық, Лисаков және Рудный қалаларының тұрғындары жол ережелерін бұзғаны үшін ЭҮТШ арқылы айыппұл төлесе, ал Әулиекөл , Қарабалық және Жангелді аудандарының тұрғындары  көбіне салықты  төлейді», - делінген хабарламада.

Қостанай облысының Мобилді ХҚКО алыс шалғайдағы аудандарға 584 рет барып, 17 мыңнан астам құжаттар берді. Ауыл тұрғындарының арасында төлқұжат пен жеке куәліктерді беру, электронды қызмет жөнінде ақпарат беру (мекенжай анықтамасы, зейнетақы шоттарының  көшірмелері), сонымен қатар ЭСҚ  беру қызметтері  көп сұранысқа ие болды.

2014 жылы жаңа «Мобилдік үкімет» сервисімен қолдануға 33 мыңнан аса адам  тіркеліп, екі мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жандарға  мемлекеттік қызметтер   үйлеріне барып көрсетілді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика