ҚР ИИДМБ

Инновациялық гранттар бағдарламасы бойынша ҮИИДМБ бірінші бесжылдығында 15,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді - ИДМ

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында инновацилық гранттар бағдарламасы бойынша 15,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі.
Астана қаласы20 Қаңтар , 11:04

Инновациялық гранттар бөлі бағдарламасы аясында грант иелері тарапынан 668,7 млн теңге салық төленіп, 15,5 млрд теңгенің өнімі шығарылып, соның ішіндегі 50 пайызы экспортқа сатылған. «Грант иелерінің хабарлауынша, инновациялық гранттарды іске асыру барысында 83 инновациялық патент беріліп, 4 тауар белгісі тіркелді, күзетілетін құжаттарды алуға 28 өтініш берілді», - деп хабарлайды ҚР ИДМ.

Айта кету керек, 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты экономиканы әртараптандыра отырып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырып тұрақты және теңестірілген өсімді қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламаның сәтті басталғанынан бастап бес жыл ішінде барлық заңнамалық база құрылып, 50-ден астам заң дайындалып және өзгерістер енгізіліп, тағы 3 заң қабылданды. Атап айтар болсақ: «Индустриялды-инновациялық дамуды қолдау мемлекеттік бағдарламасы туралы», «ЕЭА туралы» және «Энергетикалық тиімділік пен энергия үнемдеу туралы».

«5 жыл ішінде экономиканың басым секторларын дамыту бойынша 23 салалық бағдарлама қабылданып, Өндірістік қуаттылықты рационалды орналастыру кестесі, Индустрияландыру картасы, аумақты дамытудың 16 бағдарламасы, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бекітілді. Көптеген инфрақұрылымдық мәселелер шешіліп, қолдау құралдары енгізілді, бизнес пен инвестициялық климат жаңғыртылды», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде өңдеуші өнеркәсіпті жедел дамыту есебінен экономиканы әртараптандыру басталды. Оны іске асыра бастағаннан бері өңдеуші өнеркәсіптің өсім қарқыны экономиканың шикізаттық секторының өсімінен асып түсті.

«Қазіргі таңда министрліктің қолдауымен идеядан оны іске асыруға және оны өнеркәсіпте игеруге дейінгі инновациялық жобаларды қолдаудың барлық кезеңдері қалыпастырылды. Технологиялық даму саласындағы институт тарапынан инновациялық инфрақұрылымды белсенді дамыту жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 8 өңірлік технопарк, 4 салалық құрастыру бюросы, ЖОО мен ҰЗИ жанынан 21 коммерциялау кеңсесі, технология трансфертінің 5 халықаралық орталығы, 3 отандық және 4 шет елдік еншілес қор  жұмыс істейді», - деп хабарлады ҚР ИДМ.

Айта кетерлік жайт, жалпы, өткен бес жылда 4000-нан астам идея идентификацияланып, оның ішінде 570 жобаға қолдау көрсетілді. Инновациялық грант бойынша 1400-ден астам өтініш дайындалып, соның ішінде 227 инновациялық жобаға грант берілді.

Индира Қауметова   




Яндекс.Метрика