Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

БҚО-да 2015 жылы ИИДМБ аясында 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Батыс Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатқан 38 жобаның жалпы сомасы 303,3 млрд теңге болатын 32 жоба іске қосылды, 22-і 70%-ға жобалық қуаттылыққа көшті, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов.
Батыс Қазақстан20 Қаңтар , 09:03

«Осы  жылы 5 жобаны іске қосу жоспарланған, олар: жиһаз фабрикасы, ет өңдейтін кешен, К5 экологиялық сыныптағы жанармайды өндіру, мұнай өңдейтін зауыт, ГЖЭС», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, ҮИИДМБ бірінші бесжылдығында шағын және орта бизнестің өндіріп отырған өнімі 86%-ға артып, 906 млрд  теңгені құрады. Ал, тіркелген субъектілердің саны 48 233 дананы көрсетті, олардың ішінде 30 295 данасы белсенді жұмыс істейді, ал жұмыспен қамтылғандар саны 107 211 адамға жетті.

Аймақтың ІСБ мәліметі бойынша, өңдеу саласы соңғы бес жылда 4,6-дан  7,6 млрд теңгеге дейін артты. Алғаш рет Кедендік одақ аясында экспорт ( 29%-ға)  73 млн долларға дейін артты, ал импорт ( 9%-ға) 629 млн долларға дейін төмендеді. Индустриалды аймақ белсенді дамып келеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика