Адами капитал

ҚР ҚК танк экипаждары танк биатлонына қатысу үшін іріктеу жүргізуді бастады - ҚМ

Отар қаласының 21450 әскери бөлімшесінде (Ақтау қаласы, Оймаша полигоны) танкілер батальонының далалық шығысы мен танк биатлонына үміткерлерді іріктеу басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан20 Қаңтар , 08:46

«Отар мен Оймаша полигонындағы шығыстар – іріктеудің бірінші кезеңі, оған 9 экипаж қатысты. Келесі кезең – аймақтық – іріктеу өңірлік басқару аясында өтеді. Үшінші кезең – Құрлық күштері аумағында жүзеге асырылатын үдеріс. Жеңімпаздар халықаралық шараларға қатысады, жарыс маусым айына жоспарланған», - делінген хабарламада.

Танкілердің батальонының далалық шығысы 3 күнге жоспарланған. Бірінші күні техниканы даярлау, екінші – қару-жарақтардың сайлануы, үшіншісі – іріктеу кезеңі.

Отар мен Ақтауда жарысу бағдарламасына жергілікті аймақ бойынша  штаттық қарудан нысанаға дәлдеп тигізу  енеді.

Айта кетерлігі, танкілердің  бірінші халықралық сайысы 2013 жылы Алабино полигонында өткен болатын. Сайысқа Ресей, Армения, Беларусь пен Қазақстанның танк экипаждары қатысты. Бұл сайыста қазақстандық экипаж екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, танк биатлоны – экипаждардың танк жүргізу шеберлігі мен көздеп ату үдерісін шыңдайтын сайыс.




Яндекс.Метрика