Халықаралық интеграция

Қазақстан Берлиндегі Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаурашылығы форумына қатысты

Қазақстанның үкіметтік делегациясы Берлиндегі Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаурашылығы форумына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде20 Қаңтар , 08:31

«Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаровтың басшылығымен ҚР үкіметтік делегациясы Берлин қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Жасыл апта» халықаралық жәрмеңкесі шеңберінде өтетін дәстүрлі Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаурашылығы форумына қатысты.Қазақстандық делегация мүшелеріне министрліктердің және «ҚазАгро» ұлттық компаниясының басшы қызметкерлері кірді», - делінген хабарламада.

Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрі Кристиан Шмидттің төрағалығымен өткен Форумның аясынды ұлттық азық-түліктің, тағам өндірісінің, ауыл шарушылығының, агроөнеркәсіптің даму секторларының және т.б. қауіпсіздігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан үкіметтік делегациясы Берлинге сапары барысында Германияның азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің үкіметтік статс-хатшысы Роберт Клоспен, Монғолияның ауыл шаруашылығы министрі Радиа Бурмаамен және басқа ресми тұлғалармен екіжақты кездесулер өткізді. Сонымен қатар, «GWE-Group», «CLAAS» неміс компанияларының басшыларымен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Берлинде биылғы 80-ші «Жасыл апта» жәрмеңкесінде 70 елдің 1650 көрме экспонаттары ұсынылды (2013 ж. 67 елдің 1630 экспонаты ұсынылған болатын). Әлемнің барлық құрлықтарынан келген 70 ауыл шаруашылығы министрлері және шетелдік делегация санының едәуір өсуі есесінен биылғы жәрмеңке шетел қатысушыларының саны бойынша 1926 жылғы рекордтан асып шықты.




Дерекнама

Яндекс.Метрика