Мәдениетті жаңғырту

Ардагерлерге қолдау көрсету бастамалары ұдайы жүргізілуі керек - Жақсыбеков

Жаңа жыл қарсаңындағы ардагерлерді қолдау бойынша бастамаларын жалғастыруымыз қажет. Акция тұрақты түрде жүргізілуі керек, деп мәлімдеді елорда басшысы әкімдіктің аппарат отырысында.
Астана қаласы19 Қаңтар , 19:37

тырыс барысында Ә. Жақсыбеков тоқталған негізгі тақырыптың бірі – ардагерлер мен қарт адамдарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан әлеуметтік іс-шаралар болды. Әкім қарт адамдарға тұрақты түрде көмек көрсететін акция ұйымдастыруды тапсырды. Бұл қаржылай шығынды талап етпейтін, тәрбиелік, моральдық және психологиялық сипаттағы іс-шаралар болуы тиіс.

"Біз Елбасымыздың Жаңа жыл қарсаңындағы ардагерлерді қолдау бойынша бастамаларын жалғастыруымыз қажет. Бұл бір реттік акция болмауы тиіс және Жеңіс күнінен кейін бірден аяқталып қалмауы шарт. Акция тұрақты түрде жүргізілуі керек", - деді қала басшысы.

Елорда әкімі тиісті қалалық құрылымдарға елорданың колледждерімен және ЖОО бірлесе ардагерлерге, соғысқа қатысқандар мен тыл еңбеккерлеріне, сонымен қатар, басқа да қарт адамдарға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырды. Оларға үй жинауға, азық-түлік сатып алуға көмектесіп, жай көңіл бөлу керек. Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіру мақсатында орта мектеп оқушылар мен ардагерлердің кездесулерін ұйымдастыру, патриоттық сабақтар өткізу қажет. 




Яндекс.Метрика