Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесудед екі ел мен парламентаралық қатынас арасындағы қатынасты кеңейту мәселелері талқыланды.
«ҚХР елшісі Қытай Қазақстанды стратегиялық маңызды әріптес ретінде танитынын және екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын аап өтті. Сонымен қатар елші Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық саясатының өзектілігіне тоқталды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ҚХР елшісі Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлаудың маңыздылығына тоқталып, Қазақстан халқы үшін айтулы күн екенін еске салды.
Кездесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін сөз қылды.