ҚР ИИДМБ

ҮИИДМБ аясында энергитика саласындағы іске қосылған жобалардың жалпы қуаттылығы 1341 МВт құрады

ҮИИДМБ аясында энергитика саласындағы іске қосылған жобалардың жалпы қуаттылығы 1341 МВт құрады, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрлігі.
Казахстан19 Қаңтар , 19:51

«2012 мен 2030 жылдар аралығындағы энергетика саласындағы инвестиция көлемі 9,5 трлн теңгеден кем емес деңгейде бағалануда. 2015 жылға дейін реттелген тарифтер негізінде тартылған инвестиция көлемі 1,146 трлн теңгеден асып жығылды», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, соңғы бес жылда Қазақстанда 7 шағын ГЭС, 6 жел электр станциясы мен 3 күн электр станциясы іске қосылды, олардың жалпы қуаттылығы 32 МВт.

«2014 жылдың 9 айында еліміздің 76 электр станциясының өндірген электр энергиясының қуаттылығы 67,79 млрд кВтс  құрады (өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш өсіп, 101,1% құрады).  2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 91,97 кВтс электр энергиясы өндірілді. Шығындалғаны 89,64 кВтс. Өткен жылдың пайдасы  2,33 кВтс көрсетті», - деп хабарлады ҚР ИДМ. 




Яндекс.Метрика