Инфрақұрылымның дамуы

Астанада 1200 орындық екі мектеп ашылады

Жақын күндерде Астана қаласы «Есіл» ауданында 1200 орындық екі мектеп ашылады, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Астана қаласы19 Қаңтар , 20:06

Өткен жылы «Есіл» ауданында 3600 орындық 3 мектеп және 240 орындық бала-бақша ашылған болатын.  Енді тағы 1200 орындық екі білім ордасы және 480 орындық мектепке дейінгі екі мекеме бүлдіршіндерді қабылдамақ.

Әкімдік мәліметіне сай, аталмыш аудан бойынша 11 мемлекеттік бала-бақша және 10 орта мектеп, 10 колледж және 3 университет жұмыс істейді.  Соның ішінде Президент бастамасымен құрылған Кәсіптік-техникалық колледж, Назарбаев университеті және халықтың көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті атындағы Халықтық қорғаныс университеті бар. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика