Парламент

Қазақстанда еңбек келісімшартын жасау мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады

Қазақстанда жас мамандарда еңбек келісімшартын жасау 2 жылға дейін ұзартылады, деп хабарлады ҚР білім және ғымы вице-министрі Такир Балықбаев әлеуметтік және мәдени даму мени ғылым комитетінің отырысында.
Астана қаласы19 Қаңтар , 17:21

«Еңбек кодексінде еңбек келісім шартының жалғасын реттейтін норма бар. Еңбек келісім шарты нақты бір мерзімге жасалады немесе оның мерзімі болмайды. Алайда нақты бір мерзім 3 жыл немесе 1 жыл болу керек болатын.  Еңбек кодексіне енгізілген түзетуге сәйкес жас мамандардың еңбек келісім шартының ең аз мерзімі 1 жыл емес, 2 жыл болды»,- деді  Т.Балықбаев.

Министрдің орынбасарының айтуынша, кеше ғана  оқу орнын бітірген жас маманға уақыт керек, ол ұжымға үйренуі, сіңісуі керек, ал 2 жылдан кейін ол толыққанды жұмысшы болады.

Оның үстіне  Т.Балықбаев атап өткендей, жұмыс берушіге белгісіз  мерзім салмақ салады. «Сондықтанда бізде алаңдаушылық бар. Яғни жұмыс беруші жас маманды жұмысқа алудан бас тартуы мүмкін».

Камила Амирова




Яндекс.Метрика