Инфрақұрылымның дамуы

2015 жылы Астанада жүзден астам ауланы абаттандыру көзделген

2015 жылы Астанада жүзден астам ауланы абаттандыру көзделген, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Астана қаласы19 Қаңтар , 18:51

Астана қаласында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсарту бойынша жұмыстар белсенді қолға алынды. Қалалық билік тарапынан түйткілді мәселелерге мониторинг жүргізіліп, оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленуде. Бюджеттік бағдарлама аясында аулалар абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңдары жасалады, ескі қоршаулар ауыстырылады.

2015 жылы Алматы ауданында 59 ауланы абаттандыру көзделіп отыр. Соның ішінде 16 аулада балаларға арналған ойын алаңы жасалады. 43 аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, яғни бұрынғы ойын алаңдары ауыстырылады. Былтыр ауданда 20 аула күрделі жөндеуден өткізілді.

Есіл ауданында 7 аула абаттандылмақ. Аулаларда спорт, ойын алаңдары жасалып, асфальт жабыны ауыстырылады.

Үстіміздегі жылы Сарыарқа ауданында 45 ауланы жөндеу жоспарланған. Өткен жылы осы ауданда 32 аула абаттандырылды.




Яндекс.Метрика