Халықаралық интеграция

Қазақстанға бейбіт жиындар мен қауымдастықтар еркіндігі құқығы мәселесі бойынша БҰҰ сарапшысы келеді

БҰҰ арнайы баяндамашысы Майна Киаи 2015 жылдың 19-27 қаңтары аралығында Қазақстанға келеді. Ондағы мақсат елдегі бейбіт жиындар мен қауымдастықтар еркіндігі құқығының жүзеге асырылуына баға беру.
Казахстан19 Қаңтар , 17:36

Бұл тәуелсіз сарапшының Қазақстанға тұңғыш сапары. БҰҰ адам құқығы кеңесі резолюциясына сай мандаттың мәні әлемде бейбіт жиын еркіндігі мен бірлестік еркіндігіне құқықты қамтамасыз ету мен ілгерілетуде.

«Бейбіт жиындар еркіндігі мен бірлестік еркіндігі құқығы демократия мен дамудыың маңызды бөлшегі және мемлекет аталған құқықтарды толықтай қамтамасыз етуге міндетті», - деді тәуелсіз сарапшы.

«Сапар барысында мен заңмен бекітілген тәжірибеде бейбіт жиынның жүзеге асырылу құқығы ретінде бейбіт жиындар өткізу талаптарымен танысамын. Сонымен қатар қоғамдық бірлестік, кәсіподақтар мен саяси партиялар, діни бірлестіктерді тіркеу мәселесін зерттеп, азаматтық қоғамның еркін және тиімді жұмыс істеуіне көңіл аударамын. Және де таяуда қабылданған жаңа Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бейбіт жиын мен бірлестіктер ұйымдастыруда қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы ақпарат алудан үміттенемін», - деді.

Мемлекеттің шақыртуымен елімізге келген Киаи мырза Астана, Алматы, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларына барып, онда мемлекеттік орган, сот органдары өкілдерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.

БҰҰ тәуелсіз сарапшысы БҰҰ мүше мемлекеттеріндегі адам құқығы саласындағы жағдайға болжамды баға беретін әмбебап кезеңдік шолудың (ӘКШ)  Қазақстандағы адам құқығына қатысты жағдайларға берілген бағадан кейін келіп отыр.

«Менің ӘКШ-ден келуім адам құқығы бойынша БҰҰ өзге шолудың ұсыныған шараларын орындау мен өзге де тетіктерді орындау мүмкіндігі асында терең талқылауға мүмкіндік береді», - дейді Киаи.

Айта кету керек, тәуелсіз сарапшы шілде айында адам құқығы бойынша БҰҰ кңесі сессиясындағы Қазақстанға сапары туралы ақырғы есебін ұсынады. 




Яндекс.Метрика