Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстандықтар 2014 жылы 19 млн-ға жуық мекен жай анықтамасын алды

Электрондық үкіметтің порталында қазақстандықтар 2014 жылы 18 992 131 мекен жай анықтамасын алды, деп хабарлады «ҰАТ» АҚ.
Казахстан19 Қаңтар , 18:06

Аталмыш көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 4,7 милионға артқан.

«ҰАТ» АҚ атап өткендей, порталда мекен жай анықтамасын алу онлайн қызметі 2010 жылдан бастап қолжетімді.  Статистикаға сәйкес аталмыш қызмет түрі үздік ондықта көш бастап тұр.

Мекен жай анықтамасы жұмысқа орналасқанда, жеке кәсібінді ашқанда, жеке меншік заңгердің қызметін пайдаланғанда жалпы өміріміздің көптеген кездерінде қажетті.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш анықтаманы 2014 жылдан бастап тек өзің ғана емес, сонымен қатар, балаңның атына және жолдасыңның атына да ала аласын.

Бұдан басқа электрондық үкіметтің қызметін мобильді қосымшалар арқылы алуға болады. 




Яндекс.Метрика