Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Н.Әбдібеков: Жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаты – жемқорлық көрінісіне салғырт қарауға жол бермеу

Қарағанды облысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарабаев бекіткен 2015-2025 жылдарға арналған ҚР жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының тапсырмаларын талқыланды, деп әкімдіктен хабарлады.
Қарағанды19 Қаңтар , 18:23

Жиын барасында аймақ басшысы бұл стратегияның басты мақсаты жемқорлыққа қарсы күрестің қарқынын үдету, барлық тұрғындардың жемқорлыққа қарсы жұмылдырылуы және еліміздегі жемқорлық деңгейін түсіру болып табылатынын жеткізді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жетекшісі Ержан Ибраимов өз сөзінде, Стратегияда жемқорлықпен күрес бойынша ұсыныстар, оның салдары мен зияны жан жақты түсіндірілген, деп атап өтті

Жиын соңында аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарабаев бекіткен 2015-2025 жылдарға арналған ҚР жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясына байланысты  қала мен аудан әкімдеріне, облыстық басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. 




Яндекс.Метрика