Адамзаттық капитал

ҚР ҚК Құрлық әскерінің 3 мыңнан астам офицері командирлік дайындықтан өтуде

ҚР ҚК Құрлық әскерінің 180-нен астам басшылық құрам офицері мен 3 мыңнан астам взвод командирі командирлік дайындықтан өтуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Казахстан19 Қаңтар , 16:49

Хабарламада айтылғандай, дайындыққа басшылық құрамдағы 180 офицер тартылып, олар 10 оқу тобына бөлінген. Дайындық мақсаты – 21 ғасырда әскери өнерді дамыту мәселесі бойынша офицерлер құрамының теориялық білімдерін жетілдіру мен тәжірибе алмасу.  

«Жүргізіліп отырған шараның бір ерекшелігі – идеологиялық және тәрбие жұмыстары бойынша командирлер мен олардың орынбасардарының дайындық жұмыстарына тартылуы. Жалпы іс пен міндет идеологиялық және тәрбие бойынша командирлер мен олардың орынбасарларының келісілген жұмыстарының негізі болып табылады. Жиын бағдарламасында барлығы қамтылған. Олар әскери дайындықпен тікелей байланысты. Сонымен қатар әскери тәртіпті нығайту, идеологиялық және тәрбие жұмыстарды жандандыру мәселелері қамтылған. Корпоративті мәдениетті арттыру сабақтары мен бөлімдер мен бөлімшелерде әскери қызметті атқару сабақтары қосылған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әскери өнер бойынша теориялық сабақтарды тексерудің тәжірибелік сабақтары қаралған. Сонымен қатар картамен жұмыс істеу, кез келген әскери әрекеттерде белгілі бір уақыт ішінде дұрыс шешім қабылдай білу де басты назарға алынған.

Сонымен қатар взвод командирлерімен сабаққа 3 мыңнан астам кіші командирлік деңгейдегі офицер тартылды. Бөлімдердегі техникалық жарақтандырылудың заманауи деңгейі әскерилерді дайындаудың заманауи талаптарына толықтай жауап береді. Жиында әскери дайындық пен әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған шаралар қарастырылған.

Мұнымен бірге офицерлердің бағыныштылармен қарым-қатынас жасауындағы психологиялық сабақтар мен қарулармен алмасу кезіндегі жағдайларды пысықтау да аталмыш жиынның шараларының бір бөлігі болды.

Жиын соңында бөлімшелердің аттестациялық комиссиясының отырысы өтеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 оқу жылының әскери дайындық жоспарына сай командирлік дайындық сабақтары Құрлық әскері бас командирі Мұрат Майкеевтің жетекшілігімен өтеді. 




Яндекс.Метрика