Адами капитал

ҚР Парламентіндегі "Нұр Отан" Фракция мүшелері және меморган басшылары азаматтарды қабылдайды

Қаңтар айының үшінші онкүндігінде «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында Фракция мүшелері – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары азаматтардың қабылдауын өткізеді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы19 Қаңтар , 16:19

Атап айтсақ, 20 қаңтарда - халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің мүшесі Абай Тасболатов, 22 қаңтарда – бюджет және қаржы бойынша комитетінің мүшесі Глеб Щегельский, 27 қаңтарда  – экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитетінің мүшесі Тәңірберген Бердіоңғаров және 29 қаңтарда – халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаев азаматтарды қабылдайды. 

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов азаматтарды 21 қаңтарда қабылдаса, Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтің қабылдауы 23 қаңтарға,  Қаржы вице-министрі Руслан Даленовтың азаматтармен кездесуі 28 қаңтарға жоспарланған. 

Қабылдау мына мекенжайда өтеді: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25 үй, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауы  сағ 10.00 ден 13.00-ге дейін. 

Қабылдау басталуға 3 жұмыс күні қалғанда жазылуға болады:

-    www.kk.nurotan.kz мекенжайы бойынша Электрондық қоғамдық қабылдауы арқылы 

-    Бірыңғай Call-орталығы бойынша  59-78-50, 

-    Мекенжайы бойынша Республикалық қоғамдық қабылдауда (Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25) 

Сонымен бірге облыс орталықтары мен Алматы қаласының тұрғындары қабылдау бейнеконференция режимінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдарында өтетіндіктен, Астанаға келмей-ақ оған жазыла алады. 




Яндекс.Метрика