Адами капитал

«Қазақтелеком» «Ғаламтордағы балалар» байқауын өткізді

«Қазақтелеком» АҚ 20 жылдығын мерекелеуге орай әлеуметтік желілерде «Ғаламтордағы балалар» балалар видеосы байқауы өткізілді, деп хабарлайды «Қазақтелеком».
Казахстан19 Қаңтар , 20:21

«Байқау аясында 3-11 жас аралығындағы балалардың ата-аналарына «Қазақтелеком» компаниясының әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жазылып, балаларымен «ғаламтор», «телекоммуникация», «байланыс», «компьютер», «планшет» тақырыптарында видеосұхбат алу талап етілді. Байқау қос тілде ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Байқау жұмыстарын бағалау мына талаптар бойынша сараптама комиссиясы тарапынан өткізілді. Атап айтар болсақ: тақырыпты ашу, жұмыстың оригиналдылығы мен техника және сапасы.

«Қазақтелекомның» хабарлауынша, жас жазылушылар 16 жұмыс жіберді. Ең креативті деген қатысушы сыйлыққа планшет алып, қалған қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ ескерткіш сыйлықтарын иеленді. 




Яндекс.Метрика