Мәдениетті жаңғырту

Ауылдық Мәдениет үйінің би ансамблі республикалық байқауда жеңіске жетті

Ауылдық Мәдениет үйінің би ансамблі республикалық байқауда жеңіске жетті, деп хабарлады аймақтың ІСБ.
Ақтөбе19 Қаңтар , 20:52

«Ақтөбе облысы Уил ауылының Мәдениет үйіндегі  «Әсем» би ансамблі «Күншуақ» республикалық фестивалінің қысқы маусымында Қазақстанның түкпір түкпірінен келген 96 команданың ішінен оқ бойы озып шықты», -  делінген хабарламада.

Байқау талаптарына сәйкес олар екі би орындады. Өз кезегінде өнер иелерінің еңбегі әділ қазы мен көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Осылайша ауылдық бишілер бірінші орынды иеленді.

«Біздің жеңісіміз барлық Уил ауылының тұрғындарының есіл еңбегі, әсіресу оңтүстік астанаға көшіп келген ауыл азаматтарының еңбегі зор. Олар біздерді қарсы алды, орналастырды, үлкен шаһарда адаспауымызға барынша жағдай жасады», - деп атап өтті ансамбль жетекшісі Гүлмира Қилашева. 




Яндекс.Метрика