Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Көкшетауда жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық бақылау институтын енгізу талқыланды

Көкшетауда 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі тұстарын түсіндіру бойынша семинар өтті, деп хабарлайды «Нұр Отан».
Ақмола19 Қаңтар , 20:36

Департамент жетекшісінің орынбасары – Дисциплиналық кеңес төрағасы Қуаныш Жапақов шараға қатысушыларды Жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі тұстарымен таныстыра келіп, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында алға қойған міндеттемелерін іске асырудағы аталған құжаттың маңыздылығына тоқталды.  

Сонымен қатар семинар барысында қоғамдық бақылау институтын енгізу жайы талқыланды. Оны енгізу алдағы уақыттағы Жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының басым бағыттарының бірі болып табылатыны анық. Мұның барығы 2025 жылға дейінгі партияның жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы мен «STOP Қылмыс» әлеуметтік жобасын іске асырудағы тәрбие мен білім берудің барлық деңгейіндегі жемқорлыққа қарсы күреспен үндесіп жатыр.

Семинар қатысушылары сот және құқық қорғау органдарында жемқорлықты ескерту тақырыптарын қарастырып, мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін көтерді.

Мұнымен қоса қазақстандықтардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жолы да сөз болды. 




Яндекс.Метрика