Шағын және орта бизнесті дамыту

Атырау облысында ШОБ субъектілерінің саны өсуде

2013 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша Атырау облысындағы нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 29 116 данаға жетті, оның 2 558-і – заңды тұлға, 24 863-і – жеке кәсіпкерлер және 1 695-і –шаруа қожалықтары.
Атырау06 Тамыз , 00:00

2013 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша Атырау облысындағы нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 29 116 данаға жетті, оның 2 558-і – заңды тұлға, 24 863-і – жеке кәсіпкерлер және 1 695-і –шаруа қожалықтары. Бұл жөнінде  облыстық статистика департаменті хабарлайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда белсенді субъектілердің жалпы саны 1,3%-ға өсті.

2013 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 90,3 мың адамға жетті.

Департамент мәліметі бойынша, ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 2013 жылғы қаңтар-шілде аралығында өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1%-ға артып, 242 млрд теңгені құрады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика