Ананы қорғау

Қазақстанда ана өлімі жарты жыл ішінде 15,1 пайызға төмендеді

2013 жылдың 6 айы бойынша республикада ана өлімі 2012 жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 15,1 пайызға төмендеген, деп ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтикалық қызметінің қадағалау Комитеті хабарлады.
Казахстан30 Қыркүйек , 20:55

Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша ана өлімі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында көп кездескен. Барлық жағдайда медицина және фармацевтикалық қызметінің қадағалау Комитеті тәуелсіз сарапшыларды шақыруымен сараптама жүргізді. Оған қоса республикалық мамандар да тартылды деп таралған хабарламада айтылған.  

Оңтүстік аймақтардағы жағдайларға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі 2  мәрте ана өлімін төмендетуге байланысты Штаб жұмыстарын жүргізді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтикалық қызметінің қадағалау Комитеті орын алған жағдайлардың барлығын құқық қорғау органдары мен прокуратураның құзырына медицина қызметкерлер мен мамандарының жұмысына құқықтық баға беруге тапсырды.

     




Дерекнама

Яндекс.Метрика