Ана мен баланы қорғау

Астанада балалар еңбегін қолданысқа енгізу тәжірибесі мәселесі талқыланды – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында балалар еңбегін қолданысқа енгізу профилактикасы мәселесі, қазақстандықтардың туу қабілеттерін күшейту талқыланды талқыланды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 19:43

Мемлекеттің заң шығарудың негізгі қағидаларының бірі – дискриминацияға тыйым салыну, мәжбүрлеп жұмысқа тарту мен балалар еңбегінің ең нашар формасы болып табылады. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупованың айтуынша, осындай заңдардың бұзылуы оқиғалары да жиі кездеседі.

Мемлекеттік инспекция тарапынан жасалған тексерістер нәтижесі көрсеткендей, көбіне кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбегі ауылшаруашылық салаларында, жүк көтеруде, көлік жуу орындарында еңбек шартынсыз қолданылады. Тек 1-12 маусым араларында жүргізілген тексеріс барысында кәмелеттік жасқа толмаған 76 адам анықталған. Оның 35-і сатушы болса, 31 –і даяршылық,сегізі көлік жуып, екеуі көлік жөндеу орындарында еңбек еткен.

Президент кеңесшісі,Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова заңсыз миграциямен келіп, ата-аналарымен заңсыз еңбек ететін кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мәселесіне айқырша тоқталды. Бүгінде ЕХӘҚМ еңбек заңына заң бұзушылыққа төтеп беруге қабілетті бірқатар түзетулер енгізді.

 

 




Яндекс.Метрика